«Периферияның орталық рөлі»: теміржол, Арман ауданы және елорда бейнесін конструкциялаудағы «орталық»

«Периферияның орталық рөлі»: теміржол, Арман ауданы және елорда бейнесін конструкциялаудағы «орталық»

Авторлар

Тірек сөздер:

инфрақұрылым, теміржол, көлік хабы, орталық, периферия

Аңдатпа

Мақала Астанадағы вокзал маңындағы бір ауданның мысалында орталық пен периферия ұғымдарының күнделікті дискурста қалай анықталатынын көрсетеді. Арман ауданы жақсы көлік құрылымына және белсенді әлеуметтік өмірге қарамастан, қалалық периферия болып саналады. Осы ауданда орналасқан бір орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген бақылау мен сұхбатқа сүйене отырып, мен шетте өмір сүру сезімі қалай пайда болатынын көрсетуге тырысамын. Периферия ішінара материалдық ортаның әркелкілігі мен және көрінетін инфрақұрылымға байланысты, бұл өз алдына қазіргі қала деген түсінікке қайшы келеді. Негізгі триггерлер — теміржол мен вокзал. Біріншісі қалалық тәртіпті адамдардан пойыздарға ауыстырады. Екіншісі — адамдар мен заттардың ауқымды ағындарының арқасында — кеңістіктің біреуге тиесілі екендігін сезінуді әлсіретеді. Вокзалды адамдардың көбі ешкімнің орны емес деп ұйғарады. Салыстыру үшін, сол жағалауда орталықта екендігіңді сезіну кеңістік қазіргі заманның танымал белгілерімен толтырылған жерде пайда болады, олардың көпшілігі әлеуметтік желілерді тұтыну арқылы түсініледі.

Автор туралы мәліметтер

Дархан Медеуов

Назарбаев университетінің социология мен антропология кафедрасының оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи
Loading...