Алматы қаласы ауасының сапасына әсер ететін аспектілер және ықтимал жоспарлау шешімдері
Тірек сөздер:
ауа ластануы, қаланың желдетілуіАңдатпа
Жанат Айтілеу сұхбатында Алматының ауа бассейнінің ластану проблемалары, себептері мен ықтимал шешімдері туралы сұрақтар көтеріледі. Алатау бөктерінің шұңқырында орналасқан қала көптеген жылдар бойы нашар желдетілуден зардап шекті және бұл проблеманы шешу қажеттілігін алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарында Алматының ҒЗИ ғалымдары тілге тиек еткен болатын. Сол жылдардағы көптеген зерттеулер 1990-шы жылдардағы осы ҒЗИ-дің жойылуына әкеліп соқтырған күрделі жағдайға байланысты жоғалып кетті. Дегенмен, қалада желдің жылдамдығын арттыра алатын құрылыс салудың негізгі принциптері бүгінде қолданылуы мүмкін және қаланың виртуалдық үлгілерінде сәтті сыналған. Стратегиялық биіктікте құрылыс салуға негізделген әдістерден басқа, ауаның ластану проблемаларын шешуге қалалық көлікті дамытудың жаңа жоспарлары көмектесе алады, бұл көлік жүктемесін жеңілдетеді, демек, атмосфераға шығарылатын газдар шығарындыларын азайтады. Егер өткен ғасырдың екінші жартысында ластанудың негізгі көзі индустриалдық сектор болса, бүгінде шығарындылардың басым бөлігі көп ретте маятниктік көші-қонның жоғары үлесімен байланысты автокөліктердің тұрақты қозғалысынан туындаған шығарындыларға тиесілі. Ауаның ластануымен күресудің басқа әдістерінің қатарына — жасанды су қоймалары мен субұрқақтар санын көбейту, сондай-ақ қаланың жаңадан қосылған аумақтарында жаңа скверлер мен саябақтар құру жатады. Әңгіме соңында географиялық орналасу ерекшеліктері мен сейсмикалық осалдықты ескере отырып, Алматы қаласы үшін жеке ҚНжЕ әзірлеу және енгізу сұрағы көтеріледі.